2026 жылдың 17 сәуір күні, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Жас жол инспекторлары» слёті болды .Бұл шара – жасөспірімдердің жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттырып, білімдері мен шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Слет келесі кезеңдерден тұрды: жол жүрісі қағидаларының білгірлері,велосипедпен мәнерлеп айдау,жас реттеуші,жас санитар,үгіт насихат байқауы, эрудит.
Слёт барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын көрсете білді. Әрбір топ белсенділік танытып, жол қозғалысы ережелерін жетік меңгергендерін дәлелдеді. Қорыта келгенде, Абай мектебі -3 орын, Әбу Сәрсенбаев мектебі -2 орын, Нұржау мектебі -1 орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қауіпсіздікке деген үлестеріңіз – қоғам үшін маңызды.
https://kurmangazy-dyuk.testim.kz/kz/skeri-patriotty-t-rbie/217-zhas-zhol-inspektorlary.html#sigFreeIdb3a6bea80f









