Ұлы Жеңістің 81 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 34 жыл толуына арналған "Айбын-2026" әскери-қолданбалы спорт біріншілігі 2026 жылғы 3 сәуір күні аудандық Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің базасында өтті. Біріншілікке ауданымыздың мектеп оқушылары мен "Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының" үйірме оқушылары қатысты.
"Айбын-2026" әскери-қолданбалы спорт біріншілігіне Ақкөл, Қадыр Мырза Әли, Нұржау, С.Имашев, Еңбекші, Ю.Гагарин, Шортанбай жалпы орта мектебінің оқушылары іріктеуден өтіп облысқа жолдама алды.
Аталған мектептерден Үздіктер мекеменің дипломдарымен марапатталды. Оқушыларымызға облыстан жүлделі орын алуға тілектеспіз!