2025 жылғы 17 қараша күні Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің базасында, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша "ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-2025" аудандық байқауы өтті. Байқау төрт кезеңнен тұрды. 1. Мұғалім шеберлігі 2. Жаңашыл ұстаз 3. Тест тапсырмалары 4. Саптық дайындық Байқаудың төрешілерінің шешімі бойынша төмендегі жетекшілер марапатталды. Алғыс хатпен: Гайнеденов Альберт- Қиғаш жалпы орта мектебі; Куанышалиев Ахан- З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты; Дипломдармен марапатталған жетекшілер; ІІІ орын - Уразгалиев Бекежан Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі; ІІ орын - Даугалиев Бейімбет Панфилов атындағы жалпы орта мектебі; І орын - Баймуратов Жанболат Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі. Байқауға қатысқан төрешілер мен жетекшілерге мекеме атынан ризашылық білдіреміз.









