2025 ж. қазан айының 31 күні үстел теннистен 5-6,7-8 сынып ұлдар,қыздар арасында аудандық оқушылар мектеп лига аясында жарыс өтті. Жарысқа ауданымыздың мектептері белсенділікпен қатысты. Жарыстың қорытынысы бойынша 5-6 сынып ұлдар,қыздар арасында : І орын - Абай атындағы жалпы орта мектебі; ІІ орын - Әбу-Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі; ІІІ орын - С.Имашев атындағы жалпы орта мектебі; Жарыстың қорытынысы бойынша 7-8 сынып ұлдар,қыздар арасында : І орын - Әбу-Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі; ІІ орын - М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі; ІІІ орын - Панфилов атындағы жалпы орта мектебі; Сайысқа қатысқан оқушылар мен жетекшілерге мекеме атынан ризашылығымызды білдіреміз.