2025 жылғы 7 қараша күні Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің базасында аудандық "Пневматикалық мылтықтан ату" сайысы өтті. Сайысқа ауданның 14 мектептен 56 оқушы қатысып бақ сынасты. Мылтық ату сайысына (14-15,16-17 жас аралығы) кіші және үлкен топ қатысты. 14-15 жас аралығында "Үздік мерген" атағын жеңіп алған 1. Қисметова Алия - Ақкөл жалпы орта мектебі. 2. Бекболатов Нұртөре-Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі. 16-17 жас аралығында "Үздік мерген" атағын жеңіп алған 1. Мелісқызы Гүлнұр- Еңбекші жалпы орта мектебі. 2. Зинулла Мақсат- Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі. Кіші топтың жеңімпаздары: 1. ІІІ орын - Қиғаш жалпы орта мектебі; 2. ІІ орын - С.Имашев атындағы жалпы орта мектебі; 3. І орын - Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі. Үлкен топтың жеңімпаздары: 1. ІІІ орын - Нұржау жалпы орта мектебі: 2. ІІ орын - С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі; 3. І орын Еңбекші жалпы орта мектебі. Командалық есепте: 1. ІІІ орын - С.Имашев атындағы жалпы орта мектебі; 2. ІІ орын - С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі; 3. І орын- Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі. Аталған сайыста оқушылар медаль, дипломдармен марапатталды. Сайысқа қатысқан оқушылар мен жетекшілерге мекеме атынан ризашылық білдіреміз.









