Республика күні-әрқайсымыз үшін ел тағдырына деген жауапкершілікті сезінетін, өткенге тағзым етіп, келешекке сеніммен қарауға мүмкіндік беретін мәні зор мереке. Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің "Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру клубының" үйірме оқушылары арасында 2025 жылдың 29 қазан күні "Республика күні" мерекесіне үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарыс екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең жекелей І-орын Бериков Руфат ІІ-орын Төлегенов Нұрсұлтан ІІІ-орын Беткей Нурболат Екінші кезең жұптық І-орын Бекей Нурболат-Сисембиев Ержан ІІ-орын Болатұлы Мансур-Төлегенов Нұрсұлтан ІІІ-орын Бериков Руфат-Уәли Қанат Жарысқа оқушыларды қатыстыруға мүмкіндік жасаған ата-аналарға да ризашылығымызды білдіреміз.
https://kurmangazy-dyuk.testim.kz/kz/b-araly-sportty-sharalar/177-respublika-k-ni-merekesine-oraj-o-ushylar-stel-tennisinde-sheberlikterin-k-rsetti.html#sigFreeId30899da659









