2025 жылдың 31 қазан күні М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде ауданның дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арасында «Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі-2025 » аудандық байқауы өтті. Байқаудың бағдарламасы бойынша I тур - «Креативті педагог», II тур - «Заманауи дене шынықтыру сабағы», III тур - «Үздік спорттық-бұқаралықміс-шара» спорттық-бұқаралық іс-шараның презентациясы форматымен таныстыру бойынша сайыс өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды Ақкөл жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ғайнеденов Ернар жеңіп алды және «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» номинациясына ие болды. ІІ орынды Қырығалиева Гүлфайруз Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі жеңіп алды және «Заманауи дене шынықтыру сабағы» номнациясына ие болды. ІІІ орынды Қиғаш жалпы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Құрманбаева Салтанат ие болып қосымша «Креативті педагог», номинациясын жеңіп алды. Абай атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Шахымов Нұрлыбек ІІІ орынды иеленіп сайыс соңында марапаттар табыстылды. Сайысқа қатысқан ауданның дене шынықтыру мұғалімдеріне аудандық білім бөлімі және балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы мекемесі атынан алғыс білідіреміз.