2025 ж. қазан айының 8-10 күні аралығында футзалдан 9-11 сынып ұлдар,қыздар арасында аудандық оқушылар мектеп лига аясында жарыс өтті. Жарысқа ауданымыздың мектептері белсенділікпен қатысты. Жарыстың қорытынысы бойынша 9-11 сынып ұлдар арасында: І орын - Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі; ІІ орын - М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі; ІІІ орын - Ақкөл жалпы орта мектебі; Жарыстың қорытынысы бойынша 9-11 сынып қыздар арасында: І орын - М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі; ІІ орын - Әбу-Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі; ІІІ орын - Абай атындағы жалпы орта мектебі; Сайысқа қатысқан оқушылар мен жетекшілерге мекеме атынан ризашылығымызды білдіреміз.