«Додада топ жарған дүлдүлдер» VII аудандық спортшылар слеті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді. Осыған орай, ауданның спорт үздіктеріне арналған «Додада топ жарған дүлдүлдер» атты VII аудандық спортшылар слеті 2025 жылдың 22 мамыр күні С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде жылдағы жоспар бойынша кең көлемде атап өтілді.
Аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спортшы оқушы, мұғалімдерге толағай жеңістер тілеп халықаралық, респуликалық, облыстық жарыстарда жеңімпаз болған оқушылардың ата-аналарын,жетекшілерін жеңімпаз оқушыларды марапаттады. Аудандық маслихат хатшысы Гүлжанат Ғадылханқызы, Атырау облыстық әдістемелік орталығы, аудандық қорғаныс бөлімі, ішкі істер бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық кәсіподақ комитеті және білім бөлімі жеңімпаздарды құттықтап марапаттау салтанатын өткізді.
Аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы Облыстық, аудандық ұлттық мектеп лига ойындарын қортындылады.
5-6 сынып арасында
ІІІ орынға ие болған Ақкөл жалпы орта мектебі марапатталды;
ІІ орынға ие болған Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебі марапатталды;
І орынды иеленген Шортанбай жалпы орта мектебі марапатталды;
7-8 сынып арасында
ІІІ орынға ие болған Ақкөл жалпы орта мектебі марапатталды;
ІІ орынға ие болған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта метебі марапатталды;
І орынды иеленген Абай атындағы жалпы орта мектебі марапатталды;
9-11 сынып арасында
ІІІ орынға ие болған Абай атындағы жалпы орта мектебі марапатталды;
ІІ орын Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі марапатталды;
І орынды иеленген Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі марапатталды;
Осы жетістікке жетуге ықпал жасап жүрген жетекшілерге оқушылар мен атаналарға мекеме атынан рахмет айтамыз.
https://kurmangazy-dyuk.testim.kz/kz/b-araly-sportty-sharalar/158-dodada-top-zhar-an-d-ld-lder-vii-audandy-sportshylar-sleti.html#sigFreeIdf6e663b764









