Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастырумен 12-18 мамыр күндері Астана қаласында баскетболдан 7-8 сынып қыздар арасында Республикалық Ұлттық мектеп лигасы өтті.
Атырау облысынан Құрманғазы аудандық Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебінің үйірме оқушылары қатысып 1 орынды иеленді. Республикалық лигаға 17 команданың ішінен біздің 7 оқушы қызымыз Үздік команда атанып марапатталды. Команда жаттықтырушысы С.Н.Манаев атындағы дене тәрбиесі пәні мұғалімі Сисенғалиев Төремұрат.
Баскетболдан жыл сайын өтетін оқушылар Ұлттық мектеп лигасында Атырау облысының оқушылары Үздіктер қатарында.Осы жарысқа қолдау білдірген оқушылардың ата-аналарына алғыс білдіреміз.