Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Жігер" Өскемен балалар-жасөпірімдердің клуб бірлестігінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай "Балалар мен жасөспірімдердің жол қауіпсіздігін қамтамассыз ету - ұрпақ үшін сенімді де табысты болашақ" атты онлайн форум өтті. Аталған форумға М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің "Тура жол" қозғалыстың жас жол инспекторларының тобы белсене қатысты. Бұл аталған шараға көрші мемлекеттерден, атап айтсақ Беларусь Республикасы Минск қаласынан "Встречная полоса", Қырғыстан Республикасы Бішкек қаласынан "Зебра", Ресей Федерациясы Новосибирск қаласынан "Дорожные знаки",  Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласынан "Сирена", Қостанай қаласынан  "SOS", Өскемен қаласынан "Светофорыч", Атырау облысынан "Тура жол" командалары белсене қатысып, өздерінің жетістіктерімен және өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында халықаралық, республикалық слет жеңімпаздары қатысушылармен жол қауіпсіздігін насихаттау және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу саласында  ортақ келісім меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта көптеген шараларды бірлесе атқаратын боламыз. "Жігер" Өскемен балалар-жасөпірімдердің клуб бірлестігінің директоры Деш Елена Николаевна қорытынды сөзінде қатысушыларға алғыс жариялап, алдағы уақыттағы слеттерде жеңіс тіледі.