Атырау облысы Құрманғазы аудандық "Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы" КММ-ң ұйымдастыруымен 2025 жылғы 14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, аудандық әскери-патриоттық клубтарының арасында көрме сайысы өтті.
Сайысқа ауданның 9 мектебінен 18 оқушы қатысты.
Сайыс екі бөлімнен тұрды.
1 "Менің әскери роботым"
2 "Әскери мақсаттағы қозғалыстағы техникалық макеттер" аталымы бойынша өтті.
Жүлделі орындармен
ІІІ- орын С.Имашев атындағы жалпы орта мектебі;
ІІІ- орын М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі;
ІІІ-орын Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі;
ІІ-орын Ақкөл жалпы орта мектебі;
ІІ-орын С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі;
І-орын Абай атындағы жалпы орта мектебі;
Алғыс хаттармен
Алғыс хат- Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі;
Алғыс хат-Шортанбай жалпы орта мектебі;
Алғыс хат Д.Нұрпейсова атындағы жалпы орта мектебі;
Көрме сайысына қатысқан барлық командаларға мекеме атынан алғыс айтамыз.