2026 жылдың ақпан айында Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының үйірмесінен тәрбиеленген оқушысы М.Әуезов атындағы жалпы мектебінің түлегі Набидоллаева Назгул 2009 жылы туылған футболдан Ақтау қаласынын "Каспий" клубымен кәсіби келісімшартқа отырды, қазіргі таңда ол команда құрамына ресми түрде қосылып, алдағы маусымда клуб намысын қорғайды.

Жаңа командада биік белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете беруіңе тілектеспіз! Әр ойының сәтті өтіп, жанкүйерлердің сүйіктісіне айнал! Алға қойған мақсаттарың орындалып, мансабың жаңа белеске көтеріле берсін!


Набидоллаева Назгүлді Ұлттық мектеп лигасы, гимназиада және балалар-жасөспірімдердің даярлық клубы жарыстарына қосқан зор үлесі үшін шын жүректен құттықтаймыз!

Жас спортшылардың шыңдалуына, спорттың дамуына және командалық рухтың қалыптасуына сіңірген еңбегің ерекше құрметке лайық. Ерен еңбегің мен табандылығың талай жасқа үлгі болып, жаңа жеңістерге жол ашсын!