2025 жылдың 22 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Джумажанова Ботагөз Жасұланқызы аудан әкімі Абат Сайфоллаұлының арнайы қабылдауында болып, салтанатты түрде марапатталды.

Ботагөз Атырау облысы бойынша әйелдер арасында футболдан Қазақстанның ең жас «Үздік ойыншы» атағын иеленді. Бұл - табандылық пен қажырлы еңбектің, жоғары жауапкершілік пен көшбасшылықтың жарқын көрінісі.

Шара барысында аудандық мәслихат төрайымы Гульжанат Ғаділханқызы, аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Ғарипұлы және мектеп директоры Гаухар Мажитқызы құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлықтар табыстады.

Оқушымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!